astana-view

Кәсіпкерлер нені заңдастырып жатыр?

2016 жылғы 22 Тамыз
7389 просмотров

Заңдастыру үшін келіп түскен 100 мың өтініштің 93 мыңнан астамы – тұрғын үй қоры нысандары екені анықталды

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдер, сараптама және статистика басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сағынаев palata.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында заңдастырудағы қазақстандық кәсіпкерлердің белсенділігі туралы баяндап берді.

Ол  2016 жылдың 1 тамызындағы есеп бойынша заңдастыруға келіп түскен 100 мың өтініштің 93 мыңнан астамы тұрғын үй қоры нысандары екенін хабарлады. Ал қалған 7 мыңға жуығы заңдастырылған коммерциялық нысандар екенін айтты.

Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, олар өндірістік цехтар, дүкендер, кафе және спорттық-сауықтыру кешендері, түрлі қонақүй кешендері, яғни, кәсіпкерлік қызметте қазақстандықтар қолданатын барлық қызметтер заңдастырылып жатқанын келтірді.

Ерлан Сағынаев шетелде заңдастырылған 100 нысанның 90-ы тұрғын үй нысандары – пәтерлер мен виллалар, үйлер екенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, заңдастыру мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталмақ. Осы орайда, отандық кәсіпкерлерді «Қазыналық органдар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңдастырылған активтер мен мүліктерді қайта тексеруден өткізе ме?» деген сауал мазалайтыны анық. Ерлан Сағынаевтың сөзіне сенсек, ешқандай тексеріс болмайды.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер