astana-view

Тұңғыш балалар индустриясы форумы өтеді

2016 жылғы 24 Тамыз
7840 просмотров

Қазақстанның балалар тауарлары мен қызметі саласындағы 100-ден аса компания еліміздегі Отбасы күніне арналған көрме-жәрмеңкеге қатысады

Көрме-жәрмеңке «Kazakhstan Kids Forum 2016» қазақстандық тұңғыш балалар мен жасөспірімдер форумының аясында, 10-11 қыркүйек күндері Haileybury Astana мектебінде өтеді.

Форум мен көрменің аясында Ұлттық экономика министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және балалар индустриясы жетекші операторларының қатысуымен, Қазақстандағы балалар индустриясын қолдау бағдарламалары және даму мәселелері туралы дөңгелек үстел болады.

Форумда балаларды ерте жастан дамыту бойынша ЮНИСЕФ бағдарламасының таныстырылымы болады. Екі күннің ішінде балалар мен жасөспірімдерді қорғау және дамытудың өзекті мәселелеріне, Қазақстандағы балалар индустриясының дамуына арналған  пікірталастар жүргізіліп, семинарлар, шеберлік сағаттары, тренингтер, дөңгелек үстелдер, сән және кинофильм көрсетілімдері өтеді.

Форумға қатысатын балалар мен жасөспірімдерді Қазақстанның танымал тұлғаларымен өтетін Public talk сарапшыларының білім беру бағдарламалары, тамаша мерекелік көңіл-күй мен күзгі жәрмеңке күтіп тұр.

Шараның бизнес үшін пайдасы мол. Мәселен, іскерлік бағдарлама мен көрме сипатында тиімді бизнес-алаңы құрылатын болады. Ол өндірушілер мен жеткізушілерге тапсырыс берушілері мен сатып алушыларын табуға, өз өнімі мен қызметін толық ұсынуға, қажетті байланыстарды орнатуға, сатуды кеңейту мақсатында іскерлік және қаржылық ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді.

Форумға қатысу сұрақтары бойынша Ұйымдастыру алқасымен байланысуларыңызды сұраймыз:

Астана қ., Сарайшық к-сі, 5, «Лазурный квартал» БО

тел. +7 (7172) 782928, +7 (7777) 782928, +7 (7077) 782928

Сіздерге әрқашан көмектесуге дайын:

Форумды ұйымдастыру алқасының басшысы – Мейрамгүл Сатова, ұялы тел: +7 702 109 77 19 e mail: m.satova@kidsforum.kz,m.satova@hotmail.com

Аға менеджер – Назгүл Сати ұялы тел: +7 775 777 26 72, e mail: nazgul.sati@kids-forum.kznazgul.sati@gmail.com

Менеджер – Ерғазина Фаина, ұялы тел: +7 747 482 47 49, e mail: f.ergazina@kids-forum.kzf.ergazina@gmail.com

Қоғаммен байланыс менеджері – Тлеубаева Нұргүл, ұялы тел: +7 707 778 29 28, e mail:

n.tleubayeva@kids-forum.kzn.tleubayeva@gmail.com

 www.kids-forum.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер