astana-view

Кассалық машиналар қызметі қаралды

2016 жылғы 07 Желтоқсан
6719 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында «Кассалық-бақылау машиналарына техникалық қызмет көрсететін орталықтар қауымдастығының» конференциясы өтті

Шараға бейнебайланыс арқылы Қазақстанның барлық өңірінен 88 техникалық қызмет көрсету орталығы қатысты.

Конферецияның алғашқы жартысында «Атамекен» ҰКП мен «Қазақтелеком» АҚ өкілдері Қауымдастық өкілдеріне қос тарап қол қойған ынтымақтастық туралы меморандумды табыс етіп, олармен одан әрі бірлесе жұмыс жасауға сенім білдірді. Сонымен қатар, шараның алғашқы жартысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, өңір пікірлері тыңдалды. 

ҚР ТҚКО қауымдастығы директоры Ольга Волошина кәсіпкерлік қызмет ережелерін, Қауымдастық мүшелерінің іскерлік әрі кәсіпкерлік этикасын және кассалық-бақылау машиналарына техникалық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру стандарттарын бекіту қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ, ол кассалық-бақылау машиналарына сапалы техникалық қызмет көрсету қажеттігі туралы ойын ортаға салды. Сондай-ақ бекітуге ұсынылған құжаттар «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР заңы талаптарына сай әзірлену керектігін жеткізді. Себебі, Қауымдастық мақсаттары мен міндеттері аталған заң актілеріне сай жүзеге асырылады екен. Қос құжат мәтіндерін талқылау жұмыстары жиналысқа екі апта қалғанда басталған. Осылайша, құжат мәтіндері Қауымдастық сайтына жарияланыпты. Ольга Волошина енді жалпы жиналыста келесі құжаттарды бекіту туралы ұсыныс жасады. Олар: кәсіпкерлік қызмет, іскерлік және Қауымдастық мүшелерінің кәсіпкерлік әдеп ережелері; кассалық-бақылау машиналарына техникалық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру және кассалық-бақылау машиналарына техникалық қызмет көрсету арқылы олардың сапасын қамтамасыз ету стандарттары.

Конференцияның екінші жартысына Астана қаласындағы қауымдастық мүшелері ғана қатысты. Олар басқарма құрамына енетін үміткерлерге дауыс беріп, түсіндіру жұмыстарымен айналысатын жұмыс комитеттерімен және негізге алынатын құжаттар топтамасымен танысты. Осылайша, қауымдастық мүшелері барлық мәселелер бойынша дауыс беріп, жиынға қатыса алмағандары күнтәртібінде қаралған мәселелерге қашықтықтан дауыс беру үшін, аталған жайттарды Қауымдастық сайтына жариялау туралы шешім қабылданды. Қашықтықтан дауыс беру мерзімін 2016 жылдың 9 желтоқсаны, сағат 18.00-ге дейін деп бекітті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер