astana-view

Кәсіпкерлерге заңсыз салынған айыппұл құны қайтарылмақ

2014 жылғы 09 Сәуір
6884 просмотров

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының соңғы екі жыл көлемінде 574 кәсіпкерге салған 91 млн. теңге көлеміндегі айыппұл құны қайтарылады.

Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы және Бас прокуратураның ұйымдастыруымен өткен бейнеконференцияда ҚР Бас прокуратурасының кәсіпкерлік туралы заңның орындалуын қадағалау бөлімінің прокуроры Қуаныш Мұқаш мәлім етті.

Оның айтуынша, Бас прокуратура жеке кәсіпкерлік субьектілері құқықтық мүддесінің қорғалуы бойынша аумақтық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына тексеру жүргізген. Тексеріс нәтижесі бойынша 574 кәсіпкерлік субьектісіне 91 млн. теңге көлемінде заңсыз әкімшілік айыппұл салынған. Бизнесмендерге 500 мың және 2 млн. теңге аралығында айыппұл тағылған.  

Осыған байланысты аумақтық прокурорларға тексеру қорытындысы туралы актінің күшін жою және кәсіпкерлерге салынған негізсіз айыппұлдар құнын қайтару  туралы міндет жүктелді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер