astana-view

ҰКП салық төлеушілер үшін түйткілді мәселелерді талқылауға шақырады

2014 жылғы 08 Сәуір
8824 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті арасындағы өзара байланысты жетілдіру бағытында Ұлттық палата салық төлеушілерді туындаған мәселелерді талқылауға шақырады.

Ұлттық палата Салық комитетімен бірлесе отырып, ҚР ҰКП пікірталас алаңы аясында салық салу мәселелері талқыға салынатын бір күндік шара ұйымдастырмақ.

2014 жылдың 25 сәуірінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті басшыларының қатысуымен Өскемен қаласында бірқатар шаралар өткізілмек.

Тиімді ұйымдастыру жұмыстары үшін 2014 жылдың 17 сәуіріне дейін салық төлеушілерді алаңдатқан мәселелер туралы ақпаратты a.murzabekova@palata.kz электронды мекен-жайы бойынша жолдауларыңызды сұраймыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер