astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында табиғи монополия субьектілерінің қызмет құнын тұрақтандыру шаралары талқыланды

2014 жылғы 08 Сәуір
8086 просмотров

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қауымдастықтар, өңірлік палаталар мен ҰКП құрылымдық бөлімдерінің ұсынысымен табиғи монополия субьектілері қызметінің тарифтерін тұрақтандыру жолдары талқы көрді.

Жиынға мемлекеттік органдар: ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, салалық министрліктер және ҚР бәсекелестікті қорғау Агенттігі өкілдері қатысты.

Шикізат емес, өндірістік секторда қызмет ететін шағын және орта бизнес субьектілері үшін арнайы тұтынушылар тобын белгілеп, табиғи монополия қызметтеріне дифференциалды тариф енгізу туралы ұсыныс айтылды.

Тариф белгілеуде жариялылықтың болмауы, табиғи монополия субьектілерінің шығындарын қысқарту бағытында ынталандыру тетіктерінің жоқтығы және табиғи монополия қызметі құнының экономикаға тигізер әсерін сараптамалық зерттеу жұмыстарының жасалмауы сынды табиғи монополияны реттеу саласындағы жүйелі проблемаларды талқылау жұмысы 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат Бағдарламасын жасақтауға арналған ведомствааралық жұмыс тобында қаралмақ.

Аталған жұмыс тобы құрамына экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, салалық ведомствалар, ТМРА,ҚР ҰКП, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ өкілдері кіреді.

Отырыс хаттамасымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер