astana-view

Еңбекақы қорына салықтар бойынша жеңілдік берілген салалар тізімін толықтыру маңызды – «Атамекен»

2020 жылғы 22 Сәуір
6018 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП ары қарай ҚР Ұлттық экономика министрлігімен жетілдіру және Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясында бекіту үшін Қызмет түрлері тізімін өзектендіру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы өзінің facebook-тегі парақшасында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров хабарлады

 Еске салсақ, 2020 жылдың 20 сәуірінде ҚР Үкіметінің №244 қаулысы жарияланды, оған сәйкес кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер, соның ішінде салық  және еңбекақы қорынан басқа төлемдерді төлеуден босату қарастырылған.  Қаулыға сәйкес салықтар және еңбекақы қоры төлемдеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша қызметтің 29 түрі бойынша босатылған, ірі кәсіпкерлік субъектілері – 10 қызмет түрі бойынша босатылған.

 «Атамекен» Қазақстанда төиенше жағдай енгізілгеннен кейін алғашқы күндерден бизнеспен жұмыс жүргізіп келеді. Ұлттық палата кәсіпкерлер тап болған негізгі мәселелерді анықтау үшін бүкіл Қазақстан бойынша кәсіпкерлер арасында ауқымды сауалнама жүргізді.  Осы мәліметтер негізінде бизнеске жеңілдіктердің  бірінші және екінші пакеті әзірленді.

 Кәсіпкерлердегі негізгі мәселелер арасында – қызметкерлер, нақтырақ айтқанда ұжымды сақтау мәселесі бар. 16 мыңнан астам кәсіпкер қатысқан сауалнама деректеріне сәйкес қатысушылардың 60%-ы өз келісімшарттық міндеттемелерін бұзуға мәжбүр болған және кәсіпорындардың 45%-ы қызметін тоқтатуға, 30%-ы уақыт шектеу жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр.

 Сауалнамаға қатысқандардың 30 пайыздан астамы қызметкерлерін мерзімсіз демалысқа немесе толық емес жұмыс күніне ауыстырған.

 Алдағы жарты жылда, төтенше жағдай аяқталған соң, белгісіздікке байланысты бизнестің 35 пайызы олар штатты орта есеппен 15%-ға қысқартатындарын айтты.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 44%-ы қызметкерлердің 15%-ын мерзімсіз демалысқа жіберуге мәжібүр болатындарын көрсеткен.

 Сәйкесінше, кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер, соның ішінде еңбекақы қорынан басқа төлемдерден босату қажеттілігі орынды. Алайда «Атамекен» жеңілдік жасауға жататын қызмет түрлерінің ауқымды тізімін ұсынады.

 Айталық, ІТ секторы 2 қызмет түріне дейін қысқартылған, нәтижесінде тізімге: «Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет», «ІТ саласында кеңес беру қызметі», «Компьютер жабдығын басқару бойынша қызмет», «Ақпараттық технологиялар және ақпараттық жүйелер саласындағы басқа да қызметтер», «Деректерді орналастыру және өңдеу бойынша қызметтер; веб-порталдар» енгізілмеді. Білім беру саласында соңғы тізімге «Техникалық және кәсіптік орта білім» (халықаралық мекемелерді санамағанда жеке колледждер), сондай-ақ басқа білім беру түрлері енгізілмеді.

 «Осы рете ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының экономиканың ең көп зардап шеккен салаларына жеңілдік беру туралы тапсырмасын негізге ала отырып, ҰКП-ның жекелеген қызмет түрлерін Тізімге қосу жөніндегі ұсынысын ҚОЛДАМАДЫ», – деді Ербол Өстеміров.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссиямен қызмет түрлері тізімін кеңейтуге қатысты келіссөздерді жалғастыратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер