astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2020 жыл қорытындысы

2020 жылғы 31 Желтоқсан
10620 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2020 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды

 2020 жылдың 12 айы ішінде Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілері үшін пандемия салдарын жеңілдету бойынша үлкен жұмыс атқарды. ҰКП алаңында азаматтық штаб құрылды, локдауннан шығудың алгоритмдері әзірленді, пандемия кезеңінде кәсіпкерлерді қолдауға арналған шаралар бастамаланды. «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына (1432) 220 мыңнан астам қоңырау түсті. ҚР Үкіметімен бірлескен жұмыс арқылы бизнестің 90%-ы шектеулермен болса да жұмыс істеп жатыр.

 Төтенше жағдай режимінде бизнесті қорғау және қолдау

Төтенше жағдай уақытында «Атамекен» алаңында азаматтық дағдарысқа қарсы штаб құрылды, оның шеңберінде Ұлттық палата кәсіпкерлер және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен Үкіметке бизнесті сақтап қалу бойынша 30-дан астам ұсыныс бағыттады.

Ұлттық палатаның қолдауымен 29 салада жұмыс істейтін кәсіпкерлер несиелер және салықтар, еңбекақы қорына төлемдерді кейінге шегере алды. Төтенше жағдай кезеңінде 5,6 мың кәсіпкер форс-мажор туралы куәлікті тегін алды. Бірқатар медициналық өнімдерге импорттық кедендік баждар да жойылды.

«Атамекен» төтенше жағдай мен локдаун салдарынан табысынан айырылған қазақстандықтар үшін 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер тағайындаудың бастамашысы болды. 4,6 млн адам көмек алды.

 Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауы қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілері қосымша қолдау шараларын алды: пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, жылдың 8%-бен жеңілідкпен несиелеу, қаржы айналымын толықтыру бағдарламасын ұзарту, еңбекақы қорынан салық төлеуді алып тастау және жалдау төлемдерін тоқтата тұру.

 Бизнеске локдауннан шығуда қолдау көрсету

Бизнеске локдауннан шығуға қолдау көрсету мақсатында шілде-тамыз айларында консультациялар жүргізілді, осы жұмыстың барысында «Атамекен» бизнес-қоғамдастық және мемлекеттік органдармен бірлесіп, санитарлық нормаларды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметтің 40-тан астам алгоритмін әзірледі, санитарлық-эпидемиологиялық аймаққа (қызыл, сары, жасыл) байланысты кәсіпкерлік қызметті шектеу ережелері әзірленді.

Бизнестің локдауннан шығуы және қызметті жаңарту үшін ҚР Үкіметімен бірлесіп,  Infokazakhstan платформасы әзірленді. Платформаға тіркелу арқылы кәсіпкерлер шектеулермен жұмысты қайта бастауға рұқсат алды. Жыл басынан платформаға 362 мыңнан астам кәсіпкер тіркелді.

 «Атамекен» ҰКП бастамасымен мониторингтік топтардың тексеру жүргізуінің ережелері әзірленді. Алгоритм кәсіпкерлік субъектілердің тексерудің 5 критериін қарастырады. Еске салсақ,  мониторингтік топтар кәсіпкерге бұзушылықтар үшін айыппұл сала алмайды.

 НҚА, сертификаттар беру

Палата жұмысының маңызды бағыты – бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау, бұл бағыт өз кезгінде нормативтік база және әкімшіліқ қысымды азайтумен байланысты. 2020 жылы «Атамекен» ҰКП «Өнеркәсіп саясат туралы» заң жобасы мен тұжырымдаманы талқылауға, ҚР экономикалық кодексті жетілдіруге қатысты, экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Экспортқа тауардың шығу тегі туралы 59,6 мың сертификат, 310 индустриялық серттфикат және 8,4 мың СТ-KZ сертификаты берілді. ТЖ кезеңінде индустриялық сертификаттар мен экспортқа тауардың шығу тегі туралы сертификаттар үздіксіз беріліп отырды. Жұмыстың негізгі бағыттардың бірі бизнес субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Палатаның қызметтері мен өнімдеріне сұраныс артып келеді: 2020 жылдың 11 айы ішінде бизнесті қорғау бойынша палатаның кеңселеріне 3,5 мың өтінім келіп түскен.

 Өңірлік кеңестер

Өңірлерде «Атамекеннің» 17 өңірлік және 196 аудандық филиалы бар, олар күнделікті бизнесті қорғау мен қолдау бойынша жұмысты жүргізіп, сондай-ақ өңірде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасайды.  

 2020 жылы Ұлттық палатаның өңірлік кеңестеріне алғаш рет тікелей сайлау жүргізілді. Өңірлке кеңестердегі 456 орынға 1197 кәсіпкер кандидат болды. Бизнес-қоғамдастықтың 1075 өкілінің өтініші мақұлданды, сайлауға 143,6 мың бизнес субъектісі қатысты.

 Оқу мен жұмыспен қамту

ҰКП «Бизнестің жол картасы-2025» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларының қаржылай емес операторы. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020-2021» аясында 6,7 мың жобаны іске асыру басталды, 213,5 мың адам жұмыспен қамтылды.

 «Бастау» жобасын іске асыру шеңберінде 33,1 мың адам оқыды, 1 905 микронесие берілді және «Еңбек» бағдарламасымен 12 492 мемлекеттік грант берілді. «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәні бойынша биыл 142,5 мың мектеп оқушысы мен колледж студенттері оқып шықты.

 Еске сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Атамекен» ҚР ҰКП үш жыл қатарынан жоғары оқу орныдары білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізіп келеді.  2020 жылы зерттеу шеңберінде 2 мың білім беру бағдарламасы қамтылды, 68 мың түлектің жұмысқа тұруына талдау жүргізілді, Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-ден астам сарапшы жұмылдырылды. Нәтижесінде 108 университет бойныша 6 мың сараптамалық қорытынды шығарылды.

2021 жылы Ұлттық палата бизнесті қолдау бойынша жұмысты жалғастырады және және 5 қаңтардан бастап Алматыда мемлекеттік органдармен бірге тыйым салынған қызмет түрлерінің (балалар ойын-сауық орталықтары, боулингтер, бильярд бөлмелері, караоке және т.б.) жұмысын цифрлық мониторингті пайдалана отырып іске қосу пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер